Алматыда 16 жастағы жасөспірімді басып кеткен автобус жүргізушісі қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус жүргізушісі 16 жастағы жасөспірімді таптап кетті. Қалалық полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 16 жастағы жасөспірімді басып кеткен автобус жүргізушісі қамалды

Қайғылы оқиға кеше Красный Трудовик шағынауданында болған. №10 автобус жүргізушісі соңғы аялдамада артқа қарай жүре бастағанда 2003 жылғы жасөспірімді таптап кеткен.

Жасөспірім сол жерде жантәсілім етті.

«Қазіргі таңда жол оқиғасына байланысты қалалық ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғады. Тергеу ісі аясында сараптама тағайындалады», - деді полиция департаментінен.

Ал автобус жүргізушісі ҚР ҚК 128-бабына сәйкес уақытша оқшаулау орнына қамалды.