Алматыда 17,5 мыңнан астам ШОБ субьектілері жұмысын жандандырды
Оның сөзінше, шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыстарын қайта жандандыру infokazakhstan.kz порталында тіркелген соң кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Бұл жұмыстарды Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 24 тамызға дейін жүзеге асыру қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен танысқан соң кәсіпкерлер санитарлық нормаларға сай акт алатын болады.
«Жұмыстың қайта басталғаны туралы хабарландыруды барлық субъектілердің 90%-ы, яғни сауда және ойын-сауық орталықтары, бөлшек сауда желілері және сыйымдылығы 30% және жалпы көлемі 4 шаршы метрден аспайтын жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, жалпы көлемі 4 шаршы метр болатын сұлулық салондары және тағы басқалары беруі тиіс»,– дейді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол вирустың таралу қаупі жоғары субъектілері жұмыс комиссиясының тексеруінен өтетінін атап өтті. Олар – сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер, сонымен қатар қызметкерлері арасында КВИ ауруының көрсеткіші жоғары нысандар.
«19 тамыздағы жағдай бойынша 17698 өтініш түскен, олардың 14043-і (79%) мақұлданды. Оның үстіне кәсіпкерлердің басым бөлігі (13807) жұмыстарын шақырту тәртібі бойынша бастады. Қалғандары (236) аудандық әкімдіктер жанындағы мониторинтік топтар тексеру жүргізген соң жұмыстарын бастайды. Егер белгілі бір себептер бойынша рұқсат етілмесе, онда кемшіліктерді түзетіп, жұмысты қайта бастауға болады»,-деді қала әкімі.