Алматыда 17 ағашты заңсыз кескен екі жұмысшы ұсталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда жол айрығының құрылысы кезінде жапырақты және қылқан жапырақ тұқымдас 17 ағашты кескендері үшін «Транстроймост» ЖШС екі жұмысшысы ұсталды.
None
None
Олар уақытша оқшаулау мекемесіне жіберілді. Осы дерек бойынша материалдар жинақталып, Алматы ІІД-не және арнайы табиғат қорғау прокуратурасына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасай отырып. 29 қаңтар күні Алматы қаласында Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жарнама тақтасын орнату кезінде гүлзар мен көгал бүлінген. Қазірде белгісіз компания келтірген зиянның құны анықталуда. Материалдар тәртіп бұзушыны анықтау және сәйкес шара қолдану мақсатында Алматы ІІД-не және арнайы табиғат қорғау прокуратурасына жіберілді. Сол секілді 27 қаңтар күні Халиулин ? Құлжа тасжолы көшелерінің қиылысында жүргізілген жұмыстар кезінде «РЕККА» ЖШС компаниясы гүлзарлар мен көгалға зиян келтірген. Алдын ала есептеулер бойынша 692 мың теңге шығын келіп отыр. Материалдар тиісті органдарға тапсырылды. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында жасыл желекті қорғау мәселелері жоғарыда аталған басқарма мен қаланың ішкі істер органдарының үнемі қадағалауында болады. 2009 жылдан бастап жасыл желекті қорғау ережелерінің талаптарын бұзған жағдайда жедел әрекет ету шаралары қолданылады.Ереже бұзу жағдайларына орай 2008 жылы қалалық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы әкімшілік шара қолдану үшін Алматы ІІД-не 67 материал, арнайы табиғат қорғау прокуратурасына 31 материал жіберген. Сондай-ақ өткен жылы қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді күштеп орындату үшін сот органдарына бірқатар заңды тұлғаларға қатысты шағымдар жазылды. Осылайша 484 көшет бойынша «Вулкан» ЖШС-не, 125 көшет бойынша «Горный гигант» ЖШС-не, 546 көшет бойынша «Халықаралық әуежай» АҚ-на қатысты шағымдар қанағаттандырылды.
Соңғы жаңалықтар