Алматыда 17-ден астам пәтерді үптеген үй тонаушы ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан жарты жыл бұрын ол Әуезов ауданында 40 пәтерді тонағандығы үшін сотталып шыққан екен. Сериялық қылмыскер атанған ол, жарты жылдың ішінде «Айнабұлақ», «Құлагер» ықшам аудандарында 17 пәтерді тонап үлгерген.
«Біз оны 3-ші Айнабұлақтан кезекті үй тонап келе жатқан жерінен, айғақты заттарымен ұстадық. Ол тек күндіз, үй иелері жұмыста болған уақытта тонаған. Аса сақтық сақтай отырып, ол пәтердің терезесіне тас лақтырып, есігіне қоңырау соғып тексеріп алып, жұмысына кіріскен. Пәтерлерден тек алтын бұйымдар мен ақша іздеген. Есікті арнайы бұзатын құралмен емес, көбіне құлыптың ортасын бұзып ашқан. Өзінің айтуынша, бірде-бір көрші бөтен адамның жүрісіне мән бермеген», деді Жетісу ауданының ІІД Басқарамасының бастығы, полиция подполковнигі Қанат Таймерденов.