Алматыда 18 қыркүйекте қала күніне арналған гала- концерт өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 1 000 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мерекелік шаралар - музыкалық фестивальдерді, көрмелерді, спорттық жарыстарды тамашалайтын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Алматыда 18 қыркүйекте қала күніне арналған гала- концерт өтеді

Мысалы, қалада 2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаңында сағат 19.00-де жыл сайынғы ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» VII фестивалі ашылады. Фестивалдің алғашқы күні Арман Жүдебаевтің басқаруымен және «Сазген сазы» фольклорлық-этнографилық ансамбльдің қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Екінші күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін 80 жылдардың хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтың басшылығымен үрлемелі оркестердің орындауда жүзеге асады. Соңғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды.

3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаңында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III « KitapFest » алматылық кітап фестивалі өтеді.

4 - 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық  Балалар Бейбітшілікті суретке салады. Азия» атты фестиваль өтеді, оған Орта Азия мен Азия - Тынық мұхит өңірінен 7 мыңнан астам жас суретші қатысады.  

Қала күні 18 қыркүйек, жексенбі күні мерекеленеді. Сағат 11.00 ден 18.00 дейін жыл сайынғы «АЛМА fest -2016» фестивалі, түрі ойын- сауықтартар ұйымдастырылады.

Қала күні мерекесінде «Алматы Арена» Мұз сарайында ЮНЕСКО-ның, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерінің қатысуымен «Алматының 25 шыңы» атты мәдени шара өтеді. Мереке соңы « Apple Fire» отшашуына ұласады.