Алматыда 18-ші орталықазиялық «Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар- KITEL» көрмесі өтеді
АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 25-27 мамыр күндері Алматыда 18-ші орталықазиялық «Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар - KITEL» көрмесі өтеді.
Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатында көрменің ұйымдастырушысы «Iteca» көрме компаниясының өкілдері мәлім етті.
Көрмеге 8 елден 44 компания қатысады. «Қазақтелеком» ұлттық компаниясы өз стендін ұсынбақ. «Биылғы көрменің ерекшелігі - ребрендинг жасалды. Көрменің 18 жылдық тарихында көрме белгісі өзгерді»,- дейді көрме менеджері Наталья Дмитриева. Көрме аясында тұңғыш рет 1-ші қазақстандық i-MIX интернет конференциясы өткізіледі. Сонымен қатар көрме аясында «ҚР Телерадиохабар таратушылар туралы заң жобасы: саланың болжамы» атты дөңгелек үстел өткізіледі.