Алматыда 18 жасқа толмаған студенттер вакцина паспортын ала бастады
Елнұр Асқаровтың айтуынша, бүгінде Алматыда 12-17 жастағы 1 700-ге жуық жасөспірім вакцинаның бірінші компонентін алды және енді вакцинацияның электронды паспортын eGov-mobile мобильді қосымшасынан жүктей алады.
ЖОО-ның жастар саясаты басқармасының басшысы студенттердің ішінде 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірім бар екенін атап өтті.
«Вакцинацияның арқасында жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауды жалғастыратын болсақ, жасөспірімдер вакцина алса, біздің қала мен еліміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан құтыла алады», - дейді ол.
Сонымен қатар, спикер алматылық студенттер вакцинация науқанында белсенділік танытып жатқанын тілге тиек етті.
«Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсатын жинадық және екпе жасай бастадық», - деді Елнұр Асқаров.