Алматыда 19 жастағы қыз жоғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 19 жастағы Диана Советқан жоғалып кетті. 2 қазан күні жұмысқа кеткен қыз үйіне оралмаған.

Алматыда 19 жастағы қыз жоғалды

Оның жоғалғандығы туралы туыстары хабарлады.  

«2 қазан күні Диана Теректі кентінен «Мамыр» шағынауданына жұмысқа кеткен. Ол бала күтуші болып жұмыс істейді. Жоғалған күні Диана жұмыс істейтін отбасына бардық, бірақ олар Диананың келмегенін айтты. Оның үстінде қара-қызыл түсті куртка болды», - деп хабарлады ағасы Рашид.

Оның айтуынша, туыстары полицияға арыз жазды. Қызды іздестіруге достары атсалысып жатыр. Олар «Мамыр» шағынауданындағы бейнебақылау камераларын қарап шықты, әзірге еш нәтиже жоқ.