Алматыда 2-3 баллдық жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Алматыда сейсенбі, сәуірдің 20-ы күні кешкі сағат бестер шамасында 2-3 баллдық жер сілкінісі болды.
ҚР сейсмология институтының мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Қапшағай қаласының ауданында болған.