Алматыда 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы биологиялық өңдеуден өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін арттыру мақсатында 14 сәуірден бастап қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы биологиялық өңдеуден өтеді

Алматы әкімдігінің мәліметінше, өңдеуден кейінгі зиянкестерге әсерді күшейту үшін биылдан бастап бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделетін болады. Бұған дейін олар бір рет қана өңделіп келген, алайда, өңдеудің аздығы тиімсіз екені дәлелденіп, ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік бермейтіні анықталды.

«Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылады. Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүзеге асырылады», - деп хабарлады әкімдікте.

Айта кетейік, биылғы биологиялық өңдеу жұмыстары төрт кезең бойынша жүргізіледі. Яғни, 14 сәуір - 20 мамыр аралығы, 30 мамыр - 30 маусым аралығы, 10 шілде - 10 тамыз аралығы және 20 тамыз - 20 қыркүйек араылғында ағаштар өңделетін болады