Алматыда 2,8 мыңнан астам науқас ауруханада коронавирустан емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған 2,8 мыңнан астам адам инфекциялық ауруханаларда жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 наурыз күні коронавирус инфекциясының 515 жаңа жағдайы тіркелді, оның 434 - симптомдық белгілері бар және 81 - симптомсыз. Бір тәулік ішінде 317 науқас қабылданды, стационардан 248 науқас шығарылды»,- дейді Лаура Мырзағали.

Қаладағы инфекциялық стационарларда 5 000 төсек-орын бар. Қазір онда 2 849 адам (107 бала) ем алуда, оның ішінде 45 науқастың жағдайы өте ауыр.

Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде 152 науқас жатыр.

Нalyk Arena спорт кешеніне коронавирус жұқтырып, сырқаттануы орта деңгейдегі науқастар жатқызылып жатыр. Бүгінгі күні онда 34 пациент бар.


Соңғы жаңалықтар