09:52, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыда 2 бензовоздың өртенуінен 9 көлік зақымданып, 1 адам зардап шекті
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Шілденің 14-і күні кешкісін Алматыда «АТП-3» ЖШС аумағында тұрған 3 жүк көлігі өртенді,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Цистернасында 10 тонна жанар-жағармай материалдары бар «КамАЗ», жанар-жағармайсыз «DAF» бензовоздарынан және «Forland» жүк көлігінен тұтанған өрт жөндеу цехының төбесін шарпыған.
Тілсіз жау 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдай барысында «КамАЗ» көлігінің жолаушысын күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар қызыл жалын тілі тақау жерде тұрған 9 жеңіл көлікті де зақымдаған.
«Өрт ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 69 маман мен 19 техниканың күшімен ауыздықталды», делінген ведомство ақпаратында.