Алматыда 2 мың аялдама табломен жабдықталады – Ерболат Досаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аялдама кешендеріне табло орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2 мың аялдама табломен жабдықталады – Ерболат Досаев

Қала әкімімен кездесуге келген Жетісу ауданының тұрғыны қаладағы аялдамалар мәселесіне тоқталды.

«Қоғамдық көлікті жиі пайдаланушы ретінде қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуыңызды сұраймын»,- деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев аялдама кешендерін табломен жабдықтау үшін бюджеттен ақша бөлінетінін айтты.

«Қала аялдамаларына таблоларды 2023 жылдан бастап қоямыз. Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз»,- деді шаһар басшысы.

Бұған дейін Ерболат Досаев Алматыдағы аялдамалар стандартталатынын айтқан болатын.