Алматыда 2 мың көшет отырғызылды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Санитарлық тазалық пен ағаш отырғызу» айлығы аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы жыл басынан бері табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшілігімен 3 мың ағаш отырғызылды. Оның 2 мыңы наурыздың 17-сінде басталған «Санитарлық тазалық пен ағаш отырғызу» айлығы аясында жүзеге асырылды. Оның 130-ын бүгін Бостандық аудандық әкімдігі мен «Фаворит» бастамашыл тобы Ұлы Жеңістің 65 жылдығынаорай Әл-Фараби даңғылының бойына отырғызып шықты», дейді Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Марат Кесекбаев.
Оның айтуынша, биыл басқарманың жетекшілігімен жыл соңына дейін қалада жалпы 24 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.