Алматыда 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды

АЛМАТЫ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қазанның 23-нен бері «Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау мен ұстау ережелері» талаптарына сәйкес келетін 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды,

Алматыда 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи  ресурстар және табиғатты пайдалануды  реттеу басқармасына сілтеме жасап.

 Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен 2009 жылға магистральды көшелер мен қоғамдық орындарда 22 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 5311 көшет бюджеттік құралдар есебінен.

Көктем кезінде қаланың жалпықалалық аумақтарында ұйымдар мен мекемелер есебінен 9500-ден астам ағаштардың  көшеттері отырғызылды, олардың  7583-і - жапырақты, 1824-і - қылқан жапырақты.

Қазанның 23-де  Алматы қаласы әкімінің өкімі бойынша жасыл желектерді күзгі-қысқы отырғызу басталған болатын. Бұл шараның ашылуы кезеңінде Қазақ саңыраулар қоғамы Райымбек даңғылы бойында  40 қарағай, 20 жөке және 160 бұта отырғызған еді. Сондай-ақ қарашаның 7-сі күні Дулати көшесіндегі бақта 100-ден астам қарағай және Әл-Фараби даңғылы - Бағанашілде - 100 қайың, Шевченко көшесінде 87 қарағай отырғызылған болатын. Осы шараның жалғасы бүгін 7-ші қалалық клиникалық аурухана аумағында жалғасты. Мұнда 100 қайың мен 20 шырша отырғызылмақ. Аурухана қайта жөндеуден өткен соң қосымша 200 көшет отырғызу жоспарлануда.