Алматыда 2 заңсыз ойын залы анықталып, 51 аппарат жойылды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат Алматы қаласында 2 жасырын ойын залы анықталып, 51 аппарат жойылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ  Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Алматыда 2 заңсыз ойын залы анықталып, 51 аппарат жойылды

«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес  басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізіп, асхананың ішінде жасырын жұмыс жасап тұрған ойын автоматтары залын анықтады. Тексеру кезінде 22 ойын автоматтары анықталып, алынды», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, келесі күні жүргізілген шаралар барысында қала дәмханаларының бірінде 29 ойын аппараты бар тағы бір жасырын ойын автоматтары залы анықталып, жойылған.

«Ұйымдастырушыларды ізін суытпай анықтау және ұстау мүмкіндігі болмады. Оператор-кассирлерге қатысты «ешқайда кетпеуі туралы» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізілуде», - деді Н.Ораз.