Алматыда 2 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2 жасар бүлдіршін ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шаңырақ шағын ауданы тұрғыны хабарласқан. Отбасы  далада  ойнап жүрген 2 жастағы баласын таппай қалған.

Есімхан Аниздің анасы түскі 11-ден бастап оны іздей бастаған.

«Үйде барлығы ұйықтап жатқан. Бала сыртқа шығып кеткен. Жақындары баланы жан жақтан іздеген. Қазір арнайы іздестіру тергеу тобы құрылды», -  деді ІІД өкілі Салтанат Əзірбек.

Баланың бойы 70-80 см, шашы қара, көздері қара. Үстінде ақ күрте, аяғында көк аяқ киім болған.

Оны іздеуге қазір Алматы полициясының гарнизоны жұмылдырылды.

Полиция Есімхан Анизді көрген адамдар болса 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98  немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.