08:28, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматыда 20-ға жуық әкімшілік, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары жылу мен ыстық суға қайта қосылды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 20-ға жуық әкімшілік, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары 18 сағаттан кейін жылу мен ыстық суға қайта қосылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 30 қараша күні түскі сағат екіде, Алматы қаласының Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, соның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусық қалды.
ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні, таңертеңгі сағат 8-де апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға «Жылу» ЖШС-ның 20 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.