Алматыда 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 520 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

31 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1037 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 325, келіп түскені – 193

«Инфекциялық стационарларда 1 520 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 117 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 97 адам жатыр.

Ал 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 238 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 448 науқас.

Симптомсыз 673 науқас бар.