Алматыда 20 шақырым жылу желісі жөнделеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда 20 шақырым жылу желісі жөнделеді. Өткен жылы 16 шақырым жаңартылған. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«2020 жылы 16,1 шақырым жылу желісі конструкцияланды, жоспар бойынша жөнделгені 14,3 шақырым. Бұл тозуды 0,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», - дейді Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Берік Жамбылов.
Оның айтуынша, 2021 жылы ұзындығы 20 шақырым (9 шақырым реконструкциялау, 11 шақырым жөндеу) жылу желілерін реконструкциялау және жөндеу жоспарда.
«Биыл қазандық қуатын жалпы 55 Гкал-ға, 135-тен 190 Гкал-ға ұлғайта отырып, «Оңтүстік аудандық қазандықты қайта жаңарту» объектісін аяқтау жоспарлануда. Бұл қаланың оңтүстік бөлігіндегі жылу энергиясының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы «Премьера» МТЖ, «Елім Ай» МТЖ, «Елисейские поляки» КГ жалпы құны 8,13 млрд теңге қазандығын кеңейту көзделген. Жобаны іске асыру қосылған кенттердің тұтынушыларының жүктемесін жабуға сеп болмақ «, - деді Берік Жамбылов.
Сонымен бірге, қаланың оңтүстік бөлігін жылумен сапалы қамту үшін Оңтүстік аудандық қазандық жаңартылатын болады.