Алматыда 20 жасар көтергіш кран жүргізушісінің көмекшісін тоқ ұрып, ажал құшты

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданында 4 маусым күні сағат 20.25-те «Днепр» автокранының жүргізушісі абайсызда кранның стреласымен жоғары вольтті сымға тиіп кетті.

Алматыда 20 жасар көтергіш кран жүргізушісінің көмекшісін тоқ ұрып, ажал құшты

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 жасар краншының көмекшісін тоқ ұрып, оқиға орнында көз жұмды.