Алматыда 201 мектепте соңғы қоңырау соғылды (ФОТО)

«Құрметті балалар, оқушылар, мектеп түлектері мен олардың ата-аналары! Біз бұл мектепке бекерге келгеніміз жоқ. Бұл білім ордасында жалпы білім беруге арналған пәндерден басқа, хореграфия, сурет өнері және музыка үйретіледі. Яғни, балалар білім мен еңбектің, өнердің маңызын жақсы түсінеді. Өз басым, адамның азамат болып қалыптасуына үш нәрсе өте маңызды деп санаймын. Бірінші кезекте бұл - білім, екінші - тәрбие, ал үшінші - еңбек. Бір ғана дарынмен алысқа бара алмайсың. Ол үшін үздіксіз еңбек ету қажет. Міне осындай адамдар жетістікке қол жеткізе алады. Сондықтан, білім алу жолында аянбай еңбек етіңіздер. Сіздерге табыстар тілеймін», - деді әкім.
Сонымен қатар, қала басшысы биылғы түлектерге Бірыңғай ұлттық тесті ойдағыдай тапсыруларына тілектестік білдірді.
Айта кетелік, алматылық мектеп оқушылары республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары орындардан көрініп жүр.
Дәл қазіргі таңда Алматыда бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін 201 963 оқушы оқиды. Бүгін соңғы қоңырау 201 мектепте соғылды.
Ал биыл мектепті 6 773 оқушы бітіреді.