Алматыда 2010-2020 жылдарға арналған ҚР Құқықтық тұжырымдамасы талқылануда

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «2010-2020 жылдардағы ҚР Құқықтық тұжырымдамасының қылмыстық атқарушы саласында орындалу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, 
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Конференцияның мақсаты - ҚР Құқықтық тұжырымдамасын  ғалымдар мен құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, қоғамның түрлі саласы өкілдерінің басын қоса отырып, талқылау. Қазақстанның криминологиялық қауымдастығының президенті, Д. Қонаев атынағы университеттің ректоры, заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Қопабаевтың айтуынша, Қазақстанның құқық жүйесін қалыптастыруды, жетілдіруді дамыту қажет. «Бүгінгі конференцияның ұйымдастырылуының мақсаты да осы мәселеге ықпал ету»,дейді ол.

         «Қазақстанда 65 мың сотталған жан бар. Қазіргі зерттеулер көрсеткендей, оның 12 мыңы декриминализациялауға жатқызылып, босатылу қажеттігін көрсетеді. Бүгінгі таңда бұл өте маңызды мәселе болып тұр», дейді ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Михаил Лырчиков. Отырыс барысында талқыланған мәселелер бойынша арнаулы қарар қабылданып, құзырлы органдарға ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар