Алматыда 2010 жылдың соңына дейін 200 жалға берілетін пәтер бөлінеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық құрылыс басқармасына сілтеме жасап.
Құрылыс қаржыландыруы, сондай-ақ жалдық тұрғын үйді алу - республикалық қаражат есебінен, 2008-2010 жылғы ҚР Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы аясында іске асуда.
Жалдық тұрғын үй әл-ауқаты нашар азаматтарға, мемлекет қызметкерлеріне, бюджетті ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, тұрғындардың әлеуметтік қорғау бөлігіне, сондай-ақ мемлекеттік сайлау жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге ұсынылады.
Бүгінде, Алматыда биылғы жылдың қаңтар айының бірінен, жеті аудан бойынша, барлығы 15 мың жанұя есепке тұрып үлгерген. Оның 7 мыңы - тұрғындардың әлеуметтік қорғау бөлігіне жатады.
Жалға алынған пәтердің төлем ақы көлемін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін болады. Бұл жөніндегі сұрақ бойынша Алматы әкімдігінің жеке қаулысы қабылданады. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің есебі бойынша 40 шаршы метр көлемдегі 1 бөлмелі пәтер - 2393 теңге, ал 60 шаршы метрлі 2 бөлмелі пәтер - 3589 теңгені құрайды. Коммуналдық қызмет үшін жалға алушы төлем ақыны жеке төлейді.