Алматыда 2010 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарының тұсаукесері өтуде
Екі күнге жалғасатын бұл шарада қала әкімдігінің жүйелік құрылымдары өздерінің келер жылға арналған мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарлары және мемлекеттік мекемелер мен коммуналды кәсіпорындардың 2010 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жопарлары ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық қаржы басқармасының ақпараты бойынша, 2010 жылдың наурыз-сәуір айларында көлікке қызмет көрсету, иелікті бағалау және салық салуға 26 миллион 864 мың теңгеге конкурс түрінде тендерлер өткізілмек.
2010 жылы қаңтар-сәуір айларында заң нормаларынан тыс тауар, коммуналды қызмет көрсету жұмыстары, байланыс, электр қуаты, жылу беру, банк қызметі, аукционға қатысушының төлем қызметі, жеке коммуналды мүлігін тіркеудің инвестициялық міндеттеріне 18 миллион 457 мың теңгеге тендр өткізіледі.
Баға ұсыныстарының сұранысы бойынша 2010 жылдың ақпан-сәуір айларында ағымдағы жөндеу жұмыстарына және құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, заң қызметі, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін артыру қызметіне 10 миллион 604 мың теңгеге тендер өткізілетін болады.