15:58, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматыда "2011 жылдың үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» байқауы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін "2011 жылғы Алматы қаласының үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі" байқауы басталды. Оны қалалық білім басқармасы ұйымдастырып отыр.

Шараның мақсаты - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің шығармашылық іскерлігін дамыту. Дене шынықтыру - спорт жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдау, қоғамдағы дене шынықтыру және спорттың басымдығын бекіту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оған еңбек өтілі 3 жылдан кем емес мектептегі және қосымша білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Байқаудың бірінші кезеңінде бүгін үміткерлер №148 мектеп-гимназиясында ашық сабақөткізіп жатыр. Ертең №110 мектеп-гимназиясындағы 2-3 кезеңнің сайыстарында олар "Ашық шығармашылық тұсаукесер» мен «Талантыңмен таңқалдыр» сынынан өтеді.