Алматыда 2011 жылы 3140 орындық 33 мектепке дейінгі білім мекемелерін ашу жоспарлануда -

Осы Бағдарлама аясында 2011 жылы 3140 орындық 33 мектепке дейінгі білім мекемелерін ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен қалалық мәслихатта Алматы қаласы білім басқармасының бастығы Рахат Шимашева айтты.
Оның айтуынша, енді мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамту 54,7% құрайтын болады.
«2010 жылы және 2011 жылдың 1- тоқсанында мектепке дейінгі тәрбие беруге және оқытуға арналған, орын жетіспеушілігін азайтуға бағытталған «Балапан» бағдарламасын іске асыруға байланысты «Ұлжан», «Дархан», «Думан» ықшам аудандарында 1080 орынға арналған 4 балабақша салынып, іске қосылды (әрқайсысы 320 орындық, «Көкжиек» - 120 орындық), коммуналдық меншікке 600 орындық 3 балабақша қайтарылды, сонымен қатар, жұмыс істеп жатқан балабақшалардан 8 топтың 200 орны қайтарылды, сондай-ақ, 1877 орынға арналған 37 жекеменшік балабақшалар ашылды»,-деп атап өтті ол.
Ол сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 2010-2011 оқу жылында 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықтан өткізетін 110 мектептің негізінде 203 топтық шағын-орталықтар ашылды»,-деді.
Рахат Шимашеваның айтуынша, балабақшаға 0 ден 6 жастағы балалар арасында кезекте тұрғандар саны 30 700-ді, оның ішінде 3-тен 6-жасқа дейінгілер саны - 15 500 баланы құрайды.