Алматыда 2017 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтердің 1,5 мыңға жуық автокөлігі газға көшіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының коммуналдық қызметтерінің 1469 дана автокөлігі мен арнайы техникасы екі жыл ішінде, яғни 2017 жылдың соңына дейін бензиннен газға көшіріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл шара Алматы әкімдігі қабылдаған, қаланың ауа алабын жақсартуға бағытталған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылады.

Алматыда 2017 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтердің 1,5 мыңға жуық автокөлігі газға көшіріледі

Сонымен қатар, инвестиция арқылы алдағы уақытта қалаға жеткізілетін су жаңа 100 қоқыс тасымалдаушы автокөліктер де газбен жүретін болады.

Бұдан басқа, биыл сығымдалған табиғи газбен жүретін муниципалдық автобустардың санын 800-ге жеткізу жоспарланған. Қазір олардың саны - 600 дана.

Тағы бір айта кететін жәйт, қоғамдық көліктер жүретін арнайы жолақтар ұзартылады. Биыл мұндай жолақтардың ұзындығы 100 шақырымға жеткізілмек. Ал бұл, қоғамдық көліктердің жүру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Демек, жолаушылар арасында қоғамдық көліктердің тартымдылығы арта түседі деген сөз.

Сондай-ақ, жаңа жүргіншілік аймақтар қала экологиясын жақсартуға септігін тигізеді. Бұл аймақтар даниялық сәулетші, қала дизайны бойынша кеңесші Ян Гейлдің ұсынысы бойынша жасалады.

Оның «Автокөліктерге емес, адамдарға арналған қала» жобасы аясында Алматыда инвесторлардың қаржысына 250 балалар және спорт алаңдары, 150 велотұрақ және 20 велопрокат бекеттері салынатын болады.