Алматыда 2019 жылғы бюджет бекітілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың 2019 жылғы бюджеті бекітілді. Оның жалпы көлемі 525,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұның алдында бюджет жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қарады.

Бюджет «нөлден» жасалып, Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Алматы-2020» қалалық бағдарлмасын жүзеге асыруға қатысты қайта құрылды. Қалада келесі жылдан бастап бюджеттік бағдарламалар мен драйвер - жобалардың орындалу барысын көрсететін ақпарттық мониторингтік жүйе жұмыс істейтін болады.

Мұның алдында Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қала бюджеті қайта қаралып, үнемделген қаражат маңызды бағыттарға қайта бөлінген болатын.

«Бюджетті нақтылау шеңберінде бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларға басымдық беру қарастырылған. Республикалық бюджеттен Алматыға қосымша 10,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Абай даңғылын ұңғылауға, Рысқұлов пен Құлжа жолайрығының құрылысын аяқтауға, 2021 жылға таман метро стансасын пайдалануға беруге, электр пойыздарын сатып алуға бағытталады», - деді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қалалық сот ғимаратының құрылысына 1 млрд теңге бөлінетінін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram