Алматыда 2022 жылға қарай қаланы айналып өтетін теміржол салынады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы стансасын айналып өтетін теміржол құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы министр Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кездесу барысында мәлім етті.
«Қазіргі уақытта теміржол транзиті мен Алматы стансасы арқылы Қытай мен Орталық Азия елдері арқылы өтетін жүк ағымының өсуі байқалады. Бір жылда 20%-ға дейін көтерілген. Осыған байланысты, министрлік МЖӘ тетігін қолдана отырып, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасын әзірлеуде. Бұл бізге тасымалдау уақытын екі күнге қысқартуға, Алматы стансасының жүктемесін 40% -ға төмендетуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2020-2022 жылдарға жоспаралап отырмыз. Есептелген көрсеткішке жүгінер болсақ, 2025 жылы Алматы арқылы 17 миллион тонна транзиттік жүк өтуі керек», - деді Бейбіт Атамқұлов.