Алматыда 206 мектептің 6221 оқушысы ҰБТ тапсырып жатыр

Оның айтуынша, тестілеу 8 жоғары оқу орны базасында өтіп жатыр. Қазір оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Оқу орындарының жанында медициналық қызмет өкілдері, жедел жәрдем көліктері кезекшілік етіп жатыр.
Басқарма басшысы биылғы тестілеудің ерекшеліктерін де атап өтті.
«Биылғы жылы ҰБТ-ны өткізудің ерекшеліктері: ҰБТ мен аттестаттың жылдық орташа бағасын есептелетін болады.. Сонымен қатар, министрлік білім беру ұйымдарын ҰБТ қорытындылары бойынша саралауды біріктірілген көрсеткіштер негізінде жүргізетін болады. Оның ішінде мектеп бітірушілердің жалпы санынан ҰБТ-ға қатысушылардың пайыздық ара қатынасы, тестілеу кезінде бітірушілердің ҰБТ қағидасын бұзушылардың саны, ҰБТ қорытындыларының жойылған саны, тестілеудің қорытындысы бойынша орташа балл көрсеткіштері қаперге алынады. Тест тапсырушының дербес деректерін қорғау мақсатында бітірушінің аты-жөнінің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі және тестілеушінің жеке коды жазылады», - деді ол.
ҰБТ қорытындысы ҰБТ орталығының сайтында жарияланады.