Алматыда 207 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 1130 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 207 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

«13 ақпан күні 1330 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 13 ақпаны аралығында қалада 1 080 105 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 045 348 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 326 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 49 016 адам салдырды. Оның ішінде 2 551 жүкті әйел, 10 776 бала емізетін ана және 35 689 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 207 296 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.