Алматыда 21 қаңтарда жоғалып кеткен сарбаз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 21 қаңтардан бері іздеу салынған мерзімді борышын өтеуші сарбаз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 21 қаңтарда жоғалып кеткен сарбаз табылды

«Алматыда 30 қаңтарда ҚР ҚК әскери полициясы Гвардия гарнизоны 21450 әскери бөлімінің із-түзсіз кеткен мерзімді борышын өтеуші сарбаз Жанболат Бозбановты тапты», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 жастағы Атырау облысының тумасы 21 қаңтарда өз еркімен әскери бөлімді тастап кеткен еді. Оған әскери полиция іздеу салған болатын.