Алматыда 21 маршруттың автобустары жаңартылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бостандық ауданында жаңа бағдаршамдар орнатылып, 21 маршруттың автобустары жаңартылды. Бұл туралы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықпен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданда 500 млн теңгеге жалпы ауданы 60 мың шаршы метр аумақта жөндеу жұмыстары жоспарланғанын айтты.
Қазір 4 мың шаршы метр асфальт төселді.
«Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 қарашаға дейін 8 бағдаршам орнату көзделген. Ал халыққа көлік қызметін көрсету сапасын арттыру үшін 21 маршрутта 288 автобус жаңартылды», - деді ол.
Жыл соңына дейін жеке тасымалдаушылар маршруттарындағы 44 автобус пен «Алматыэлектротранс» ЖШС 193 автобусы жаңартылады.