Алматыда 21 жыл бұрын түрмеден қашып кеткен қылмыскер ұсталды
АЛМАТЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері 21 жыл бұрын түрмеден қашып кеткен қылмыскерді ұстады.
Ол ер адам 1991 жылы қарақшылық шабуыл жасағандығы және әйел зорлағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.
"Сол жылдарден бері оны іздестіру тоқтатылған жоқ. Ол осы уақытқа дейін тұратын жерін жиі ауыстырып, өте сақ жүрген, көп ешкіммен араласпаған. Тіпті бірде-бір туысымен байланыс ұстамаған. Бірнеше жыл бұрын біреудің куәлігін иемденіп, басқа адамның атын жамылып жүрген. Жақында ол жедел жолмен анықталып, Алматы маңында құрықталды", - деді Алматы қаласы ІІД -нің криминалды0 полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерғали Ш2кенов.
Қазіргі уақытта қашқын қамауға алынған. Жиырма жыл бұрын жасаған қылмысынан бөлек, ол енді түрмеден қашқаны үшін жауап бермек.