Алматыда 23 жастағы қыз үйдің жоғарғы қабатынан құлады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйдің кіреберіс балконынан бойжеткен қыз құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген фото, видео әлеуметтік желіде жарияланды. «Видео «Teracotta» тұрғын үй кешенінде түсірілді – бүгін онда адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша – суицид», - деп жазылған онда.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады.
«Болжам бойынша өз-өзіне қол салған 2000 жылы туған В. есімді азаматша. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.