Алматыда 250 қарт ана қайырымдылық көмек алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара «Санофи-авентис Қазақстан» фармацевтикалық компаниясы мен «Милосердные руки» ұйымының және Халықаралық Әйелдер клубының бірігіп ұйымдастыруымен өтті.
«Жобаның мақсаты - еліміздегі әлеуметтік саясатты іске асыра отырып, осы саясат аясында, қаламыздағы жағдайлары нашар, қымбат дәрі-дәмектерді сатып алуға мүмкіндігі жоқ жалғыз басты қарт аналарға көмек көрсету болып табылады. Алғаш рет қолға алынған шара жалғасын табады, біз әр тоқсан сайын осындай көмек көрсетіп отыруды жоспарға алып отырмыз», деді қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Алмагүл Мамадалиева. Оның айтуынша, әр түрлі медициналық препараттар, көмек алушылардың қажетті дәрі-дәмек тізіміне қарай, 500 еуро қаражат көлемінде сатып алынған.