Алматыда 27 жастағы жігіттен ірі көлемде мефедрон тәркіленді

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар - психотроптық мефедрон атты есірткі болып шықты.
Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысының тумасын ұстады.
Ол осы 23 дозаны Әуезов ауданында таратуды жоспарлаған.
«Полиция қызметкерлері тыйым салынған препараттар бар-жоғын сұрағанда ер адам қолында есірткі орамдары бар екенін бірден мойындады. Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткісі бар ораусыз байлам мен ірі көлемдегі ақша табылып тәркіленді. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Бір топ адамның алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде психотропты заттарды заңсыз иемденіп, сақтағаны және өткізгені үшін мүлкі тәркіленеді.
Оларға он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.