Алматыда 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1052 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

28 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 222 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 207, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 73, келіп түскені – 101.

«Инфекциялық стационарларда 1 074 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 30 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 104 адам жатыр.

Ал 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 248 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2160 науқас.

88 адамда коронавирус белгілері жоқ.