Алматыда 3 адам иіс тиіп уланып қалды, оның екеуі - балалар

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Алматыда иіс тиіп уланған 3 адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі - 2 және 3 жастағы сәбилер, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматыда 3 адам иіс тиіп уланып қалды, оның екеуі - балалар

Құтқарушылардың атап өтуінше, төтенше оқиға Шаңырақ-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пеш ақауынан орын алған.