Алматыда 3 адам иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда 3 адам иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматыда 3 адам иіс тиіп уланып қалды

Ведомствоның атап өтуінше, оқиға Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Думан шағынауданында кеше орын алған. Қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған 20 жастағы қызбен 14 және 12 жастағы жеткіншектер ауруханаға жеткізілген.