Алматыда 3 айдың ішінде заңсыз жұмыс істеп келген 12 ойын клубы әшкереленді

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген 12 ойын клубы әшкереленді. Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің бастығы Ермек Рақымбаев бүгін баспасөз брифингінде осылай мәлім етті,

Алматыда 3 айдың ішінде заңсыз жұмыс істеп келген  12 ойын клубы әшкереленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.2007 жылдың қаңтардың 12-сінде қабылданған «Ойын бизнесі туралы» Заң бойынша казинолар Қапшағай мен Щучье қалаларына қоныс аударған болатын. Заң сол жылғы сәуірдің 1-інен бастап күшіне енгенімен оңай олжа табуға құныққан кейбір пысықайлар өз жұмысын әлі күнге дейін заңсыз жалғастырып келе жатыр. «Қазақстанның ірі қалаларында тиым салуға қарамастан заңсыз казинолар жұмыс жасауда. Кейбір құмар ойынын ұйымдастырушылар жеңіл табыс тапқысы келген азаматтарға «заңсыз нысандарды» ешқандай күйі жоқ орындарда ашады. Жақын арада ҚР Ішкі істер министрлігі мен қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің тексерулері нәтижесінде заң бұзған тағы бірнеше ойын клубтары жабылды»,- дейді қалалық прокуратура баспасөз қызметінің бастығы. Оның айтуынша, былтыр Алматы қаласының полицейлері жасырын жұмыс істеп келген 33 казиноны анықтаған болатын. биыл 3 айдың ішінде тағы 12 ойын клубы әшкереленіп отыр.