Алматыда 3 мың бала жазғы лагерьде тегін демалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Биыл 3 мың әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балалары сауықтыру лагерлерінде тегін демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім алуды қажет ететін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 мыңнан астам оқушыны қала сыртындағы тегін жазғы лагерьмен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін техникалық спецификация әзірленіп, конкурс жарияланды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психофизикалық ерекшеліктерін ескеретін техникалық спецификация да дайындалды»,- деп жауап берді қалалық әкімдік ҚазАқпарат жолдаған сауалға.

Бұдан бөлек, мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылады. Оған 100 мыңнан астам бала барады.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар екі жыл бойы лагерьге барған жоқ.


Соңғы жаңалықтар