Алматыда 30 мамырдан 1 қыркүйекке дейін Саин көшесі бойынша жол қозғалысы жабылады
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда жол айырықтарын салуға байланысты техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу Саин көшесінің Рысқұлбеков көшесінен бастап Науаи көшесіне дейінгі аралығында қатысты болмақ.
Аталмыш учаскені айналып өту Рысқұлбеков, Науаи, Мұстафин, Розыбакиев және Жандосов көшелері бойынша іске асырылады, деп хабарлады қалалық ЖПБ-ның баспасөз қызметі.
2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жол көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүргізіледі.