Алматыда 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі хабарлағандай, мегаполисте бірінші сыныпқа барған балалар үшін 323 мектеп есігін айқара ашты. Оның 215-і мемлекеттік болса, 108-і жекеменшік.
Білім күніне орай қалада 10 жаңа мектеп ашылды. Олар: Түрксіб ауданының Қайрат шағын ауданындағы №211 мемлекеттік мектеп және 3 000 орындық 9 жекеменшік мектеп.

«Екі білім ошағы – №48 және 9 мектеп кеңейтілді, жыл соңына дейін №148 мектепте 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары аяқталады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бүгін – Білім күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар