Алматыда 300-ден астам каратэші бала қатысқан турнир өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда, ЦСКА спорт кешенінде кумитэ тәртібі бойынша балалар, жасөспірімдер, қыздар және кадеттер арасында каратэ-до киокушинкайдан ашық республикалық турнир өтті.

 Алматыда 300-ден астам каратэші бала қатысқан турнир өтті

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам 6-17 жас аралығындағы спортшылар KWF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған каратэ-до киокушинкайдан ҚР Федерациясының президенті және де бас төреші Мұхтар Жолдасов жарысқа қатысушы балаларды мерекемен құттықтады. «Бүгінгі таңда, біздің спорт түрін Олимпиадалық турнирге қосу жайлы шешім қаралып жатыр. Осында болашақ каратэ жұлдыздары бар екендігіне еш күмәнім жоқ. Олар еліміздің туын халықаралық ареналарда биікке желбірететініне сенімдімін. Бүгінгі жарыстарда сіздерге тек сәттілік пен жарқын жеңіс тілеймін!», - деді федерациясының президенті.

«Мен үш кездесу өткіздім, барлығы жеңіспен аяқталды. Маған жеңіске жету үшін алға қойған мақсат пен табадылық көмектесті деп ойлаймын. Біздің команда Атыраудан келді. Олардан екеуіміз финалға шықтық. Бұл әрине қуантарлық жайт», - 11 жасар жеңімпаз Ерасыл Куанышев.

Турнир каратэ киокушинкай Қазақастан федерациясы, «Favourit.kz» Алматы және Алматы облысы федерациясы, сондай-ақ, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медальмен марапатталды, сонымен қатар, «Үздік күресші», «Үздік техника үшін», «Жеңіске деген ерік үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздары мен жүлдегерлер:

6-7 жас, 20 кг
I - Айбар Түрікпенбай
II - Ахмет Есжан
III - Ильхан Насров

25 кг
I -Айбек Әуесбек
II -Ариф Ломиев
III -Талғат Шаймарданов

8-9 жас, 25 кг
I -Т.Жабашев
II - Усманов
III - Гамбург

35 кг
I - Әбейінов
II - Болатов
III - Қонысбеков

10-11 жас, 30 кг
I -Ералы Ердәулет
II -Давид Чапурян
III -Даниял Айдарбек

35 кг, қыздар
I -Сәбина Раева
II -А.Сарымсақова
III -Д.Имирова
40 кг
I -Елдар Тәжіғұлов
II -Алдияр Серік
III - Айтмұрат Бисенов
12-13 жас, 35 кг
I -Ерканат Әмірханов
II -Ерасыл Қайыртаев
III -Али Өмірбек
Қыздар, 40 кг
I -Тамила Ибраева
II -Ақару Әлкентай
III -Розалина Мыңбаева
45 кг
I -Дана Әбдірайымова
II -Алена Ожередова
III - Жансая Келденқызы
14-15 жас, 55 кг
I -Дмитрий Семаев
II -Руслан Тахриев
50 кг
I -Наурызбай Асылхан
II -Еламан Назар
III -Алмаз Озықов
Қыздар, 45 кг
I -Мәдина Болатова
II -Александрия Пышина
III -Аружан Әлженбай
16-17 жас, 60 кг
I -Нұрасыл Кенжеғали
II -Темирлан Нұркенов
III -Рустам Қуантыров