Алматыда 300 мың түп ағаш отырғызылады

Қала басшысының сөзінше, ағаштар Наурызбай мен Алатау аудандарындағы «Алғабас», «Шұғыла» және тағы басқа тұрғын кешендерінің айналасына отырғызылады.
Сонымен қатар, магистральды көшелердің - Рысқұлов, Абай, әл-Фараби даңғылдарының, Тимирязев көшесінің бойына тал егіледі. Тротуарлардың, бөлу жолақтарының бойына. Ағаш жоқ жерлерге және магистральді көшедердегі үңгілеу жұмыстары аяқталған – Абай даңғылы, Алатау көшесінің бойына егіледі.
«Үй жанындағы аулаларды көгалдандыру үшін тұрғындармен дәстүрлі «Жасыл аула» акциясы өтеді. Барлығы 300 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, көктемде 64,5 мың ағаш отырғызылды. Биыл тамыр жаюы төмен әрі ауруға бейім болуына байланысты қала жөке ағашы, сәнағаш, боз аршадан бас тартады. Жергілікті ағаштарға басымдық беріледі, оның ішінде «Қазақстан» терегі мен қарағаш бар»,- дейді Бақытжан Сағынтав.
Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келе, әкім «Жасыл Алматы» акциясы аясында 5,5 мың қарағай отырғызылғанын айтты.
«Табиғат» ЭЫҰ қорының бастамашыл тобы саябақ аумағына 350 қарағай мен 500 алма ағашын отырғызды. Жасыл желекті күту үшін скважина жасалды,суару жүйесі тартылды. Ағаштардың 80%-ы автоматты жүйенің арқасында суғарылады»,- дейді әкім.
Қарағай орманға қарсы қайың тоғайы отырғызылды, онда 2,5 мың ағаш бар. Археологтармен келісім бойынша Сақ қорғаны айналасына 2 мыңға жуық ағаш отырғызылды. «Боралдай» мен «Зерделі» шағынаудандарында жаңа саябақтар салынып жатыр.