Алматыда 34,7 мың мүмкіншілігі шектеулі азамат тұрады

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда БҰҰ-ның мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясы аясында
None
None

Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда әлсіз топтардың азаматтық және адами құқықтарын қорғаудың тиімді құқықтық және әлеуметтік құралдарын жасау жөніндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

«Біздің еліміз 2008 жылы БҰҰ-ның мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылған болатын. Енді оны 2012 жылы Парламент ратификациялауы керек. Жалпы Алматы қаласында 34,7 мың мүмкіншілігі шектеулі азамат тұрады. Бұл республика халқының 7,2 пайызын құрайды», - дейді Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Жұманаләлі Сәкенов. Оның айтуынша, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту мен құқығын қорғауды Алматыда қала әкімі өз бақылауында ұстап отыр. Құзырлы басқарма басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған Үйлестіру кеңесі жаңадан салынып жатқан ғимараттардағы көпшілік орындарда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша мүмкіндік жасауға тырысуда.

Ж. Сәкеновтың сөзіне қарағанда, қазір жеке өндіріс орындары мен мемлекеттік органдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың 3 пайызын еңбекпен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. 2010 жылдан бері әрбір мүгедек азаматқа қосымша көмекші беріліп, биыл мамыр айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар бюджет арқылы тегін инвотаксимен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен 18-23 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жас азаматтарды биылдан бастап ұлттық бірыңғай тест тапсыруға дайындау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар