17:11, 25 Мамыр 2023 | GMT +5
Алматыда 35 адамға ағза алмастыру операциясы жасалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда МӘМС есебінен 35 адамға ағза алмастыру операциясы жасалды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оңтүстік астанада жалпы құны 256,1 млн теңгеден асатын 35 ағза алмастыру операциясы жасалды. Оның ішінде 27 бүйрек-бауыр алмастыру операциясы да бар. Бір қарағанда, мұның бәрі жай ғана цифр болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, олар қымбат тұратын қызметті тегін пайдаланып отыр», - деді Жанар Кенжебаева.
Айтуынша, жыл басынан бері алматылықтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 52,8 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді.
Бұған дейін Қор өкілі емдеу мекемелеріне 265 млн теңге айыппұл салынғаны туралы айтқан болатын.