Алматыда 4-5 балдық жерасты дүмпулері сезілді

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жер сілкінісі Алматыда да сезілді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы.

Алматыда 4-5 балдық жерасты дүмпулері сезілді

МSК-64 (Медведева-Шпонхойера-Карника) шкаласы бойынша жерасты дүмпулердің қуаты қалада 4-5 балды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жер сілкінісі 28 қаңтарда алматы уақыты бойынша сағат 22.38-де орын алды. Қазақстандық сейсмологтар хабарлағандай, қуаттылығы 6,6 балдық күшпен болған зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 шақырым жерде 10 км. тереңдікте орналасты.